Список статей
Көкшетау қаласы жалпы білім беретін мектептердің 1,2 сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру бойынша өңірлік семинар

Көкшетау қаласының білім бөлімі 2018 жылғы 30 наурызда Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізінде Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығы және  Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск орта мектебімен бірлесе Көкшетау қаласы жалпы білім беретін мектептердің 1,2 сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру бойынша өңірлік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру аясында әдістемелік көмек көрсету және НЗМ  мен пилоттық мектептердің тәжірибесін трансляциялау.

НЗМ семинарға 50 бірінші және екінші сынып мұғалімдері мен  №2 ОМЛ, №5 «Таңдау» КГ, №6 ОМЛ, №13 ЭМГ, №17 ОМГ, №3 КМСШГ Онлайн-қосылу арқылы  150 астам бастауыш сынып және пән мұғалімдері қатысты.  Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары кәсіби деңгейі және педагогикалық шеберлігін жетілдіруде теорияны практикада оңтайлы ұштастыру бағытында тәжірибе жинақтады.

НЗМ мен пилоттық мектеп мұғалімдері қатысушылардың назарына ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын ұсынды. 1,2 сынып ұстаздары Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен өткізген практикумдарға қатысты.

Қатысушылар бастауыш мектепте  оқытуды талқылауда белсенділік танытып, осы семинардың өзектілігі мен практикалық бағыттылығын атап көрсетті.

Автор: ГорОО
Просмотров: 250
Дата создания: 2 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 2 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос