Список статей
Бастауыш сыныптарда заманауи сабақтардың құрылымы

Көкшетау қаласының білім бөлімі 2018 жылғы 6 сәуірде №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясы негізінде «Бастауыш сыныптарда заманауи сабақтардың құрылымы» тақырыбында жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: Бастауыш мектептегі ең озық технологиялар мен техниканы пайдалануда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Қалалық семинарға қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында 1 деңгейлі, 3 деңгейлі, бірінші және жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

№18 мектеп лицейінің 1 деңгейлі, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Қапарова А.Н. «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында коучинг өткізді.

№6 мектеп лицейінің 3 деңгейлі 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі Аманжолова А.П. қатысушылар назарына әдебиеттік оқу пәнінен «Оюлар» тақырыбындағы сабағын ұсынды. Кенжебаева З.Ж математика пәнінен «Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындау» сабағын заманау әдістерді шебер қолдана жүргізді.

Жоғары санатты, 3 деңгейлі мұғалімдер Павленко Н.Ю. «Порядок выполнения действий» тақырыбында, Башарова Д.У. «Понятие о космосе» тақырыбында, Поленова Т.Н. «Обстоятельство» тақырыбында сабақтар өткізіп, мол тәжірибелерін ортаға салды.

Ұстаздар сабақтарда оқытудың түрлі белсенді технологияларын пайдаланып, жоғары деңгейде өткізді.

Оқушылардың өздері сабақ тақырыбын анықтап, бағалау критерийлерін жасау және олардың көмегімен өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды жүргізуі сабақтардың ұтымдылығының айқын дәлелі болды.

Автор: ГорОО
Просмотров: 210
Дата создания: 12 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 12 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос