Список статей
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу

2018 жылғы 22 қараша күні Көкшетау қаласының гуманитарлы-техникалық  мектеп-лицейі негізінде «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын жаратылыстану – математикалық бағыттағы интегративті лицей – зертханасын құру» жобаны ілгерілету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шара жұмысына Көкшетау қ. мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын жаратылыстану – математикалық бағыттағы интегративті лицей – зертханасын құру» жобасы, ЖМБ пәндерді оқыту, инклюзивтік білім беру мәселелері талқыланды.

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы гуманитарлы-техникалық мектеп-лицейінің директоры Н.Г. Дементьева өзінің жобаға қатысуы, болашаққа қойылған мақсаттары, Астана қ. Тұңғыш Президент күніне орай ҚР Президенті Н. Назарбаевпен кездесу жайлы әңгімелеп, қатысушыларды  аса  қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Автор: ГорОО
Просмотров: 77
Дата создания: 26 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 26 Ноября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос