Қайда жүрсең, атамекен, көкейіңде жатады екен...

2017 жылдың 14 желтоқсан күні №19 орта мектебінің қабырғасында  қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-11 орыс сыныптарында оқитын өзге ұлт өкілдері арасында «Рухани жаңғыру» аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қайда жүрсең, атамекен, көкейіңде жатады екен...» атты қалалық патриоттық ән байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Қазақ композиторларының әндерін нақышына келтіріп, әуенін, ырғағын көркемдеп жеткізу арқылы оқушыларды туған жерін, туған елін, мемлекеттік тіл-қазақ тілін сүюге тәрбиелеу.

Қатысушылар әндерді нақышына келтіре отырып орындады. Сахна мәдениетіне сай өздерін ұстай білді. Сайысқа қатысушылардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген әртісі Макенова Бисара Макеновна, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Қайдарова Алмагүл Тұрсынбаевна, вокал оқытушысы   Антонова Оксана Викторовна болды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар берілді:

5-6 сынып оқушылары арасында:

І орын-№19 ОМ 5-сынып оқушысы Бегишева Милана

ІІ орын-№6 ОМЛ 5-сынып оқушысы Бондаренко Дарья

ІІІ орын-№15ЖББНМ 8-сынып оқушысы Спиридонова Ангелина

7-11 сынып оқушылары арасында:

І орын -  №2 КОМ 7-сынып оқушысы Панюшкин Максим

ІІ орын- №11 ОМГ 11-сынып оқушысы Терентьев Владимир

ІІІ орын - ГТЛ 10-сынып оқушысы Васильева Анастасия

"Жез таңдай" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар:

№13 "ЭКОС" ЭГМ 5-сынып оқушысы Надежкина Лилия

№21 ОМЛ 5-сынып оқушысы Жексенбаева Диана

№1 ОМГ 7-сынып оқушысы Гавриленко Никита

№5 "Таңдау" гимназиясының 11-сынып оқушысы Воронова Анастасия.

Жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Автор: ГорОО
Просмотров: 152
Дата создания: 15 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 15 Декабря 2017 г.